Қошқарата (өзен)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен

ҚошқаратаБоралдай өзенінің оң саласы.

Географиялық орны

Түркістан облысы Бәйдібек және Жамбыл облысы Жуалы аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 78 км.

Бастауы

Бастауын Қаратау жотасындағы Ақшоқы, Арқарлы тауларынан алып, Бәйдібек ауданындағы Қаратас ауылының солтүстігінде 10 км жерде Боралдай өзеніне құяды.

Гидрологиясы

Жоғарғы арнасы тау шатқалымен өтеді, төменгі ағысында арнасы тар, тік жарлар кездеседі. Аңғарында жабайы жеміс ағаштары басым. Қар, жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Суы тұщы. Минералдылығы 0,2-0,4 г/л.

Шаруашылықтағы қолданысы

Жергілікті тұрғындар Қошқаратаның суын егін, бау-бақша суғаруға, ауыз суға пайдаланады. Өзеннен 10-ға жуық ирригациялық каналдар тартылған.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер