Қарақол (Алакөл алабындағы өзен)
Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына Қарақол – Алакөл алабындағы өзен.
Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 184 км, су жиналатын алабы 1940 км².
Бастауы
Бастауын Тарбағатай жотасының батыс сілеміндегі Ақшәулі, Түлкілі тауларынан алып, Сағат ауылының шығысында Сасықкөл көліне құяды.
Гидрологиясы
Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Таскескен ауылы тұсында 4,15 м³/с. Жоғарғы ағысы тау шатқалымен, жонды-белесті жерлермен ағады. Таскескен ауылынан төменде арнасы мен аңғары кеңейеді. Қарауыл ауылынан төменде жайылмасы (ені 8-10 км) пайда болады. Сасықкөл көліне құяр сағасында адам өте алмайтын батпаққа айналады. Суы егін суғаруға, жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>