Қазақстан филармониялары (тізім)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қазақстан филармониялары – Қазақстан аумағында қызмет ететін мемлекеттік, облыстық және қалалық филармониялардың тізімі. Филармониялар концерттік-музыкалық ұйым ретінде академиялық музыка, халық музыкасы, эстрадалық және өзге де жанрлардағы шығармашылық ұжымдардың қызметін ұйымдастырады. Қазақстандағы филармониялар концерттік қызметпен қатар мәдени-ағартушылық жұмыстар жүргізіп, кәсіби музыкалық өнердің дамуына үлес қосады. Бұл мақалада Қазақстанның облыстық және қалалық 19 филармониялары туралы мәліметтер берілген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Сурет:Жамбыл филармониясы, 2025 жыл..jpg
Алматыдағы Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы
| № | Атауы | Орналасқан жері | Құрылған жылы | Мәртебесі |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Еркеғали Рахмадиев атындағы Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы, МКҚК | Астана қаласы | Целинников сарайы (қазіргі «Астана» концерт залы) 1961–1963 жылдары латвиялық сәулетшілердің жобасы бойынша тұрғызылды. Ғимарат 1963 жылдың 6 қарашасында салтанатты түрде ашылды. 1998 жылы күрделі қайта жаңғыртудан кейін бұл ғимаратта Астана қаласының Мемлекеттік филармониясы орналасты. 2021 жылы мемлекеттік академиялық филармонияға қазақ композиторы Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Мемлекеттік академиялық |
| 2 | Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы | Алматы қаласы | 1935 жылы 14 қаңтарда ҚазКСР Халық Комиссарлар Кеңесі қаулысының жарыққа шығуына әкеліп, Алматы қаласында Қазақ Мемлекеттік филармониясы құрылып, оған 1938 жылы ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 6 желтоқсан 2023 жылы №1085 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы «Академиялық» мәртебесін алды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Мемлекеттік академиялық |
| 3 | Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясы | Шымкент қаласы | Филармония 1930 жылы 15 тамызда ашылған. 1963–1964 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясы деп аталып, филармония-концерт мекемесі болды. 1996 жылы мекемеге қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқов есімі берілді. 2007 жылы 100 жылдан астам тарихы бар ескі ғимарат бұзылуға жатқызылып, орнына жаңа ғимарат салынып, 2010 жылы 19-наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа ғимараттың тұсауын кесті.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> | Облыстық |
| 4 | Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы | Ақтөбе қаласы | Ақтөбе облыстық филармония қоғамы, 1944 жылы 16 қыркүйекте құрылған. 1998 жылы филармонияға Қазақстан Республикасының көрнекті музыканты, КСРО халық әртісі және композитор Ғазиза Жұбанованың есімі берілді. 2002 жылы Ақтөбе облыстық әкімдігі бұрынғы Химиктер мәдениет үйінің ғимаратын Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияға беру туралы шешім қабылдады. 2004 жылы ғимарат күрделі жөндеуден және қайта құрудан өткен болатын.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Облыстық |
| 5 | Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі (филармония) | Қарағанды қаласы | Өнер ұжымы 1938 жылдың 6 наурызында облыстық филармония болып құрылды. 1990 жылдары филармонияға көрнекті музыкант Қали Байжановтың есімі берілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Концерттік бірлестік |
| 6 | Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының облыстық филармониясы, КМҚК | Тараз қаласы | Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 25 қарашадағы №777 қаулысының негізінде және Жамбыл облыстық еңбекшілер депутаттары кеңесі атқару комитетінің 1968 жылғы 30 қаңтардағы шешімімен Жамбыл қаласында Жамбыл облыстық филармониясы құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы №1335 қаулысына сәйкес, Жамбыл облыстық Әділет басқармасының 1999 жылғы 15 қаңтардағы №6577 бұйрығымен мекеме «Жамбыл облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта тіркеуден өткізілді.2018 жылғы 21 қыркүйектегі Жамбыл облысы әкімдігінің №179 қаулысына сәйкес, 50 жылдық тарихы бар Жамбыл облыстық филармониясына қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар және Композиторлар одақтарының мүшесі Кенен Әзірбаевтың есімі берілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Облыстық |
| 7 | Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы | Атырау қаласы | 1997 жылы Ақмола облыстық филармониясының негізінде мемлекеттік академиялық филармония құрылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Облыстық |
| 8 | ШҚО мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы, КМҚК (Ертіс концерт) | Өскемен қаласы | 1962 жылы құрылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Облыстық |
| 9 | Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы | Павлодар қаласы | 1941 жылы құрылды. 1946 жылдың сәуірінде филармония филиалы облыстық концерттік-эстрадалық бюро болып қайта құрылды. 1965 жылы 1 желтоқсанда филиалға дербес мәртебе беріліп, Павлодар облыстық филармониясы болып қайта құрылды. 1971 жылы 9 наурызда қазақ ақыны, композитор әрі әнші Иса Байзақовтың 70 жылдық мерейтойына орай филармонияға есімі берілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Облыстық |
| 10 | Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы | Орал қаласы | 1966 жылы құрылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Облыстық |
| 11 | Қызылорда облыстық филармониясы (Өнер орталығы) | Қызылорда қаласы | 1973 жылы ұйымдастырылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Облыстық |
| 12 | Әміре Қашаубаев атындағы Абай облысының филармониясы | Семей қаласы | 1945 жылы құрылды. Әнші Әміре Қашаубаевтың есімін филармония 1969 жылы алған.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Облыстық |
| 13 | Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы | Ақтау қаласы | 1975 жылы 1 сәуірде құрылды.2008 жылға дейін ол Маңғыстау облыстық филармониясы деп аталды. Кейін әкімдік қаулысымен оған көрнекті домбырашы және сазгер, облыстың тумасы Мұрат Өскінбайұлының есімі берілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Облыстық |
| 14 | Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы | Қостанай қаласы | 1944 жылы құрылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Облыстық |
| 15 | Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы | Петропавл қаласы | 1965 жылы құрылған. 2020 жылы 16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің №315 жарлығы бойынша филармонияға Ақан Серінің есімі берілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Облыстық |
| 16 | Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясы | Талдықорған қаласы | 2022 жылы 8 қыркүйек айында құрылды. 2023 жылы 5 шілде айында филармонияға ҚР халық әртісі, әнші, сазгер Дәнеш Рақышевтің есімі берілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Облыстық |
| 17 | Сүйінбай Аронұлы атындағы Алматы облыстық филармониясы | Талдықорған қаласы | 1973 жылы құрылды. 1990 жылы филармонияға ақын Сүйінбай Аронұлының есімі берілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Облыстық |
| 18 | Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы | Көкшетау қаласы | 1946 жылы 7 желтоқсанда құрылған. 1965 жылы Концерттік-эстрадалық бюро негізінде құрылып, 1993 жылы Көкшетау облыстық филармониясы деген атауы қалыптасты. 2017 жылдың 5 қазан айында филармонияға қазақ композиторы Үкілі Ыбырайдың есімі берілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Облыстық |
| 19 | Тайжан Қалмағамбетов атындағы Жезқазған Ұлытау облыстық филармониясы | Жезқазған қаласы | 1984 жылы құрылған<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Облыстық |