Төлегетай-Қылышты ата кешені

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Төлегетай-Қылышты ата кешеніҚызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген орта ғасырлық ескерткіш. Қазақстанның жалпыұлттық сакралды нысандар тізімінде.

Орналасқан жері

Жаңақорған ауданы, Әбдіғаппар ауылынан оңтүстікке қарай 7-8 км жерде орналасқан.

Кезеңі

ХІ-ХІІ ғғ.

Кесене сипаты

Төлегетай бабаның бұрынғы кесенесі құлап, ұрпақтары 1992 жылы ақ қыштан өріп, темір қаңылтырлы кесене тұрғызған. Кесененің ауданы 6х6 м, биіктігі 4 м болған. Кешен танымал батырлар Төлегетай-Қылышты ата жерленген жерде 1992 жылы тұрғызылған. Авторы – сәулетші Б Ибраев.
2005-2008 жылдары ұрпақтарының демеушілігімен 2 күмбезді, 4 мұнаралы, 8 сынтасты керемет кесене қайта тұрғызылды. Кешен күйдірілген кірпіштен қаланып, ішкі құрылысы мрамордан жасалған. Қазіргі жағдайы өте жақсы, зиярат етушілерге жағдай жасалынған, айналасы абаттандырылып, гүл егілген. Қорғау тақтасы орнатылған.

Тарихи деректер мен аңыздар

Төлегетай баба туралы ең алғаш қалам тербеген адам – кезінде Орта Азия халықтарына танымал, Қазан төңкерісінің алғашқы жылдарында Түркістан автономиясының бас министрі болған Мұхаметжан Тынышбаев. Төлегетай Сүйінішұлы (шамамен XV ғасырда өмір сүрген) тарихи тұлға. Найманның шөбересі (Найманнан – Белгібай, одан – Сүйініш, одан – Төлегетай). Төлегетай баба өз заманында қол бастаған батыр, елдің қамын жеп, бірлігін ойлаған қайраткер болған. Қазақ даласында жеке ұлыс болып қалыптасқан наймандарды Төлегетай батыр билеген. Кейіннен кіші ата ру атынан шыққан Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл – Төлегетайдың немерелері.<ref>Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. – Астана: Фолиант, 2017. – 496 бет</ref>
Үзінді деректерге сәйкес, Төлегетай баба – найманның ақсүйектер әулетінен шыққан. Наймандар жерді бөліп алғаннан кейін, Төлегетайдың үлесіне Сырдарияның сол жағалауындағы Өзкент қаласы тиеді. Бұл аймақтарда Төлегетай дана атанып, Қылышты батырмен танысады. Олардың достығы, құрметі мен бір-біріне деген сыйластығы ұрпақтарына үлгі боп қалды.
Қылыштың әкесі – атақты қажы Камаладдин, ал анасы – Қырөзкент қаласының билеушісінің қызы. Қылышты жігіт болғанда, оған көктен аян беріледі – көктен қылыш пен жылқы түседі. Сол кезден бастап Қылышты жылқысы желден де жүйрік, ал қылышы күннің сәулесіндей өткір жеңілмейтін жауынгер атанды.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері