Тебез
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көл Тебез – Ырғыз алабындағы ағынсыз көл.
Географиялық орны
Ақтөбе облысының Шалқар ауданы жерінде, Талдықұм ауылынан батысқа қарай 7 км жерде.
Гидрографикасы
Ауданы 10,0 км2. Ұзындығы 3,4 км, ені 2 км, жағалауының ұзындығы 13,0 км. Көл теңіз деңгейінен 167,6 м биіктікте жатыр.
Жағалау сипаты
Жағалауы ашық, жайпақ. Онда сортаңды шөп өскен. Батысында Тебезге көктем, күз айларында Болғасын өзені құяды. Суы ащы, көктемде тек мал суаруға жарамды. Күзге қарай судың тұздылығы күрт артады. Жағалауы жайылымға пайдаланылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>