Таңсық өзені
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Таңсық – Аягөз алабындағы өзен.
Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданы аумағында. Ұзындығы 95 км, су жиналатын алабы 2550 км2.
Бастауы
Тарбағатай жотасының батыс сілемінен басталып, Қолдар көлінің солтүстік-батысында 7 км-дей жерде жерге сіңіп кетеді.
Гидрологиясы
Аңғары кең. Арнасы тік жарлы, жайылмасы жалпақ. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Басты салалары: Шәумен (Байатасай), Қарақатын, Жыланды, Сайқарқамыс. Жылдык орташа су ағымы 0,38 м3/с. Жайылмасы - шабындық.<ref>Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5</ref>