Тарбай Шәукенбаев
Шәукенбаев Тарбай (1 Қаңтар 1913, қазіргі Атырау облысы – 8 Тамыз 1985, Алматы қаласы) – экономика ғылымының докторы (1962), профессор (1964).
Қысқаша өмірбаяны:
1938 Мәскеу мұнай институтын бітірген; 1947 Жоғары партия мектебін (Мәскеу) бітірген; 1938–1955 Шаруашылықтарда, партия органдарында басшылық қызметтер атқарған; 1955–1985 Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономикалық университеті) кафедра меңгерушісі қызметін атқарған.
Еңбектері:
«Урало-Эмбенский нефтеносный район (история экономического развития района, перспективы и пути рационального освоения его нефтегазоносных ресурсов» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми еңбектері Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібі экономикасы мәселелеріне арналған. 3 рет «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер:
<references/>