Сырдария-Түркістан өңірлік паркі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Қорық аймағы Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі — Қазақстан Республикасының Түркістан облысында орналасқан заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Табиғи саябақ Қазақстандағы Тоғай кермаралының популяциясы қалпына келтіріліп жатқан жалғыз саябақ. Сондай-ақ, жартастағы суреттер, сақ дәуіріндегі қорғандар, Отырар қалашығына қатысты археологиялық ескерткіштер бар.

Тоғай кермаралының тәлімбағы

Саябақтың аумағында тоғай кермаралының тәлімбағы бар. 2000 жылы WWF қаражаты есебінен Сырдарияның алқабында қаумал салынып, оған 2001 жылдың мамырында алғашқы 3 бұғы әкелінді. Кейінірек тәлімбаққа тағы Қарашеңгел аңшылық шаруашылығындағы бұғылар әкелінді. 2005 жылы Сырдариядағы су тасқынына байланысты бұғылар Шымкент хайуанаттар бағына көшіріліп, жануарлардың бір бөлігі қырылып қалады. Бір жылдан астам уақыттан кейін бұғылар қаумалға қайтарылады<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>. Тәлімбақта қайталанатын су тасқынынан қорғану үшін үйме салынды. 2009 жылы жабайы табиғатқа 10 жануар алғаш рет шығарылды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Одан кейінгі жылдары тәлімбақтан жануарларды шығару жалғасты. 2019 жылдың аяғында «Сырдария-Түркістан» саябағы аумағында 158 бас марал мекендеген: қаумалда 83 және іргелес аумақта 75 бас<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2020 жылы олардың саны 174 дараға дейін өсті: қаумалда 93 және жабайы табиғатта 81 дара<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Тәлімбақтағы маралдарды Сыр бойындағы тоғайлы ормандарға және Қазақстанның басқа аймақтарына қоныстандыру жоспарлануда. 2018 жылы тәлімбақтан 5 бас марал Іле-Балқаш қорығына көшірілді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Саябақтағы тоғай кермаралдарының саны
Жыл Саны Жыл Саны
2001 3 2008 29
2009 34 2010 40
2011 46 2012 54
2013 65 2014 81
2015 103 2016 126
2017 135 2018 156
2019 158 2020 174

Филиалдары

  • Сырдария филиалы — 59 901 га
  • Түркістан филиалы — 23 822 га
  • Боралдай филиалы — 36 255 га<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер