Сегізқырқа (қоныс)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сегізқырқа — Қарақұм құмының шығысындағы қоныс.
Географиялық орны
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Мұнайлы ауылының оңтүстік-шығысында 20 км жерде орналасқан.
Сипаттамасы
Теңіз деңгейінен 3-5 м төменде жатыр. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 13 км-ге созылған, енді жері 2,5-3 км. Жер бедері сор, тақырлы келген. Сор, сортаң топырақ жамылғысында сораң өсімдіктер өседі. Батысында Толтыртұз, шығысында Диуанакөл қоныстары жатыр.<ref>Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5</ref>