Павел Геннадьевич Каменцев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Хоккейші Павел Геннадьевич Каменцев (15 тамыз 1969, Өскемен, Қазақ КСР) — қазақстандық хоккейші, шабуылдаушы.
Өскемен шайбалы хоккейінің тәрбиеленушісі.
Мансабының ең жақсы жылдарын өскемендік «Торпедо» және омбылық «Авангардта» өткізді. Отыздан кейін кемероволық «Энергия» жоғарғы лигасында ойнап, мансабын аяқтағаннан кейін осында тұрақтады.
Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында 1998 жылғы Олимпиада ойындарында және тоғыз әлем чемпионатында ойнады.
Жетістіктері
- 1998 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ширек финалисті.
- Ресей чемпионатының қола жүлдегері (1996 ж.).
- 1993-1995, 2005 жж Қазақстан чемпионы.
Сілтеме
- Павел Каменцев «The Internet Hockey Database» статистикасында Үлгі:Ref-en
- Павел Каменцев «European Ice Hockey Online AB» статистикасында Үлгі:Ref-en