Мұқыр (өзен, Атырау облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына Мұқыр – Сағыз алабындағы өзен. Ұзындығы 94 шақырым, су жиналатын алабы 1780 км2. 50-дей жылғасы бар.
Географиялық орны
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы жерімен ағады.
Бастауы
Бастауын Аққұдық қыстауының батысындағы жонды белестердегі Найзабекқұдық құдығы маңынан алып, Сағыз өзеніне сол жағалауынан құяды.
Гидрологиясы
Аңғары кең, арнасы кейбір бөліктерінде тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Көктем айларында ғана су болады. Жазда өзен қара суларға бөлініп тартылып қалады.<ref>Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5</ref>