Мыңшұңқыр (қоныс)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мыңшұңқыр – Балқаш көлінің солтүстік-батысында, Мойынты өзенінің сағасынан оңтүстікке қарай орналасқан қоныс. Солтүстігін Жуантөбе тауы, оңтүстігін Балқаш көлі, батысын Мойынты – Шу темір жолы, шығысын Ақирек тауы қоршап тұр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 65 км-ге созылып жатыр, ені 25 – 30 км. Төрттік дәуірдің аллювийлік-делювийлік борпылдақ шөгінділері жауып жатқан карбон жыныстарынан түзілген. Сұр, сұр құба, сортаң топырағында түрлі жусан, баялыш, бұйырғын, тағы басқа шөлдік өсімдіктер өседі. <ref>"Қазақ энцклопедиясы - VI"</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
Дереккөздер
<references/>