Марат Мұратұлы Ахметжанов
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Марат Мұратұлы Ахметжанов (22 желтоқсан 1964 жыл, Ақшатау, Шет ауданы, Жезқазған облысы) — қазақстандық заңгер, саясаткер, 3-сыныпты әділет кеңесшісі,<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2023 жылдан бері Ақмола облысының 13-әкімі.<ref name="elkz">Үлгі:Cite web</ref>
Мазмұны
Өмірбаяны
Марат Ахметжанов 1964 жылғы 22 желтоқсанда Жезқазған облысының Шет ауданындағы Ақшатау ауылында дүниеге келген.
Әскери қызметі және білімі (1983–1991)
1983–1986 жылдар аралығында Ахметжанов КСРО Әскери-теңіз күштерінің құрамында қызмет еткен.<ref name="zakonkz" /> 1991 жылы заңгер мамандығына Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алды.<ref name="kapital">Үлгі:Cite web</ref>
Үкіметтегі мансабы (1991–2022)
1991–1993 жылдар арылығында стажёр, Қарағанды облысындағы Теміртау қалалық прокуратураның тергеушісі қызметін атқарған. 1993 жылдан 1996 жылға дейін Бас прокуратураның жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, кейінірек Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеп-тексеру департаментінің аймақтық тергеушілер басқармасының бастығы болған.<ref name="kapital" />
1996 және 1997 жылдар аралығында Мемлекеттік тергеу комитетінің аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы және МТК Әскери тергеу департаментінің тергеу басқармасының бастығы қызметтерінде болды. 1997 жылдан кейін, 1 жыл бойы Ішкі істер министрлігі Әскери тергеу департаментінің тергеу басқармасының бастығы болған.<ref name="kapital" />
1998 жылдан 2001 жылға дейін Әділет министрлігі Тергеу департаменті директорының орынбасары және Сот шешімдерін орындау комитеті төрағасының орынбасары қызметтерінде болды. Бұдан кейін, 2003 жылға дейін Ахметжанов Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің басшысы ретінде жұмыс істеді.<ref name="kapital" />
2003–2006 жылдары Павлодар облысының прокуроры болды. Бұдан кейін, 2009 жылға дейін Түркістан облысының прокуроры қызметінде болған. 2009 жылдан 2014 жылға Ахметжанов Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымының иесі еді.<ref name="kapital" />
2014–2016 жылдары аралығында Марат Ахметжанов Атырау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы және сол аймақтағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің басшысы болды.<ref name="kapital" />
2016 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылы оның бұл лауазымда болғаны аяқталды.<ref name="kapital" />
2021 жылғы сәуірдің ортасында президент жарлығымен Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Бұл қызметін ол 2022 жылғы 25 ақпанға дейін жалғастырды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ішкі істер министрі (2022–2023)
2022 жылғы 25 ақпанда Марат Ахметжанов президент Тоқаев жарлығымен Қазақстанның Ішкі істер министрі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2023 жылғы 2 қыркүйекте Ахметжанов министр қызметінен босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ақмола облысының әкімі (2023 бері)
2023 жылғы 5 қыркүйекте Ахметжановтың президент жарлығымен Ақмола облысының әкімі болып тағайындалғаны белгілі болды.<ref name="elkz" />
Жеке өмірі
Марат Ахметжанов Арғын тайпасының Сүйіндік руынан шыққан.Үлгі:Citation needed Марат Гүлнар Ахметжановаға үйленген, бір қызы Гүлдана және бір ұлы Әлкей бар. Марат Ахметжановтың Әнуар есімді інісі бар.<ref name="zakonkz" /> Әнуар Мұратұлы «Қазақстан темір жолы» төрағасының орынбасары қызметінде жұмыс істейді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марат Ахметжанов қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.<ref name="zakonkz" />
Марапаттары және атақтары
Марат Ахметжановтың марапаттар тізімі:<ref name="zakonkz" />
- Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001);
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005);
- Астанаға 10 жыл медалі (2008);
- Құрмет ордені (2008);
- II дәрежелі Даңқ ордені (2014);
- I дәрежелі Даңқ ордені (2020);
- ТМД парламентаралық ассамблеясының Достастық ордені (2020);
- Ресей теңіз флотына 300 жыл медалі;
- Кеңес Одағы флотының адмиралы Н.Г. Кузнецов медалі.
Марат Ахметжановтың атақтары:<ref name="zakonkz" />
- 3-сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі (2004);
- 2-сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі (2019);
- Полиция генерал-полковнигі (2022).
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Navigation with columns Үлгі:Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті