Мазан Халелов
Халелов Мазан (1923, Атырау облысы Исатай ауданы Орпа ауылы – 1965) – партия, кеңес қызметкері.
Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1940 – 42 ж. ауданы партия комитетінде кітапхана меңгерушісі, 1942 – 46 ж. әскер қатарында рота политругінің орынбасары, Харьков әскери-саяси училищесінің курсанты болды. 1946 – 51 ж. ауданы партия комитеті, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, облысы партия комитетінің нұсқаушысы, 1951 – 65 ж. Шевченко ауданы партия комитетінің хатшысы, облысы кәсіподақ комитетінің төрағасы болды.
С.Мұқановты Мұрын жыраумен, т.б. шежіре қарттарымен кездестірген. Геолог Р.Тұрмағанбетұлының таудан табылған кітапханасын Қазақ КСР-і ҒА-ға жеткізді. Х. атында Атырау қаласында көше бар. 2 рет «Құрмет белгісі» (1948, 1958) орденімен марапатталған.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002</ref>
Дереккөздер
<references/>