Мазан Халелов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Халелов Мазан (1923, Атырау облысы Исатай ауданы Орпа ауылы – 1965) – партия, кеңес қызметкері.


Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 194042 ж. ауданы партия комитетінде кітапхана меңгерушісі, 194246 ж. әскер қатарында рота политругінің орынбасары, Харьков әскери-саяси училищесінің курсанты болды. 194651 ж. ауданы партия комитеті, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, облысы партия комитетінің нұсқаушысы, 195165 ж. Шевченко ауданы партия комитетінің хатшысы, облысы кәсіподақ комитетінің төрағасы болды.

С.Мұқановты Мұрын жыраумен, т.б. шежіре қарттарымен кездестірген. Геолог Р.Тұрмағанбетұлының таудан табылған кітапханасын Қазақ КСР-і ҒА-ға жеткізді. Х. атында Атырау қаласында көше бар. 2 рет «Құрмет белгісі» (1948, 1958) орденімен марапатталған.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub