Итжидек
Үлгі:Taxobox Итжидек (Үлгі:Lang-la) – алқалар тұқымдасына жататын көп жылдық жарық сүйгіш, шөптесін өсімдік.
Негізінен, Британ аралдары мен Франция, Испания және Балкан түбегінің cолтүстік, сондай-ақ, Кіші Азия түбегінің ылғалды, борпылдақ топырақты жерлерінде, ал Қазақстанның таулы аудандарында кездеседі, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында қолдан өсіріледі. Сабағы дара, тік сыртын қалың бездер жапқан. Биіктігі 0,6 – 2 м. Жапырағы үлкен. Жапырақ қойнауынан дара гүлдері жетіледі. Гүлінің жоғарғы бөлігі қоңыр күлгін, кейде сарғыш. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі қара, жидегі жылтыр, шиеге ұқсас. Итжидектің құрамында алколоидтар (атропин, гиоциамин, т.б.) және улы заттар болады. Жапырағы мен тамырынан экстракт пен тұндырма дайындайды. Итжидекті медицинада, ветеринарияда дәріге пайдаланады.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
Суреттер
- Bele-dame ataetche ôternêye des foyes.jpg
- Atropa belladonna 220605.jpg
- Atropa bella-donna0.jpg
Дереккөздер
<references/>Үлгі:Biosci-stub