Итжидек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Итжидек (Үлгі:Lang-la) – алқалар тұқымдасына жататын көп жылдық жарық сүйгіш, шөптесін өсімдік.


Негізінен, Британ аралдары мен Франция, Испания және Балкан түбегінің cолтүстік, сондай-ақ, Кіші Азия түбегінің ылғалды, борпылдақ топырақты жерлерінде, ал Қазақстанның таулы аудандарында кездеседі, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында қолдан өсіріледі. Сабағы дара, тік сыртын қалың бездер жапқан. Биіктігі 0,6 – 2 м. Жапырағы үлкен. Жапырақ қойнауынан дара гүлдері жетіледі. Гүлінің жоғарғы бөлігі қоңыр күлгін, кейде сарғыш. Маусымшілде айларында гүлдеп, тамызқыркүйекте жемістенеді. Жемісі қара, жидегі жылтыр, шиеге ұқсас. Итжидектің құрамында алколоидтар (атропин, гиоциамин, т.б.) және улы заттар болады. Жапырағы мен тамырынан экстракт пен тұндырма дайындайды. Итжидекті медицинада, ветеринарияда дәріге пайдаланады.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Суреттер

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Biosci-stub