Иманбай кесенесі
Үлгі:Ғимарат Иманбай кесенесі – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Бейнеу ауданы, Төлеп ауылынан 18 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.
Кезеңі
ХІХ ғасырдың аяғы, Дәулетнияз шебермен тұрғызылған.
Сипаты
Ескерткішті алғаш рет 1952 жылы М. Мендіқұлов зерттеген, өлшемдерін сәулетші А. Санбаев жасаған. Кейін 2007 жылы "Көшпелілер мәселесі бойынша ҚазҒЗИ" экспедициясы қосымша зерттеген.
Құрылыстар жоспарда тікбұрышты, күмбезді-центрлі, іргетассыз, 1 тепкішекті цоколды бөлімге ие. Есік қуысы оңтүстікке бағытталған. Қабырғалары үш қабатты – қаптама тақта тастарынан және саз бекітпе-балшықтағы бітеме қаландысының орта қабатынан тұрады. Ішкі және сыртқы қабырғалардың беттері тасқа оймышпен әшекейленген және боялған. Ғимараттың бас қасбеті шығыңқырап тұрған порталмен нақтыланған. Тікбұрышты бөлімнен күмбез шеңберіне өтуі (мәткелі) қуыстық желкендер бойымен жасалған. Қарсы ескерткіште (1990 ж.) оңтүстік, батыс және солтүстік қасбеттері ғана біршама сақталған. Ескерткіштердің біршама қирағандары (2007 ж.) тіркелген. Бас қасбетте қаптама тақта тастарының 3 қатары және биіктігі 3 м-ге дейін саз бекітпе-балшықтағы тас қаланды ғана сақталған. Оңтұстік қасбетте тік тақтатастарының төменгі қатарында жануарлардың сұлбалы бейнелері көрінеді.<ref> М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>