Жәмила Қанышқызы Өтегенова
Жәмила Қанышқызы Өтегенова (22.8. 1948 жылы Алматы қаласы) - Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Кәмила Досқызы Өтегеновадан туған қызы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан<ref>https://adebiportal.kz/upload/iblock/444/4441c0b93a6e7e908b363b7e87f7a6e6.pdf</ref><ref>Үлгі:Кітап</ref>. Мәскеудегі Шетел дипломатиясы институтын (МГИМО) бітірген (1971). Мәскеу радиосында Бас редакцияның қытай тіліндегі саяси шолушысы болып еңбек еткен. КСРО Ғылым Академиясының Мемлекет және құкық институтының аспирантурасында оқыған. 1989-90 жылы Пекиндегі Халықаралық байланыстар институтында доктар диссертациясын дайындаған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>
Дереккөздер
<references/>