Жоласар қалашығы
Үлгі:Көне қалашық Жоласар қалашығы (б.д.д. VII-VI ғғ.) – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 34 км, Алтынасар қалашығынан оңтүстікке қарай 21,2 км жерде орналасқан.
Зерттелуі мен сипаты
Теңіз деңгейінен биіктігі – 100 м. Ескерткішті 1948 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) ашқан. 1970-1980 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Л.М. Левина) зерттеген. 2005 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) қайта зерттеп, географиялық координаттарын анықтады және суретке түсірді.
Қоныс қатты бүлінген, асарлық қалашықтарға ұқсас, екі сатылы төбе іспетті. Сопақ, аумағы 45х35 м, биіктігі 9,5 м болып келген қамалдың орталық бөлігі дөңгелек пішінді екінші алаңмен қоршалған. Орталық алаңда күмбезді кішкене бөлмелердің болғандығы анықталды. Қамал ж бөлменің ішкі қабырғалары тікбұрышты кесектерден (40х30х10 см; 38/42/42х28х10 см) және кішігірім пахса блокатынан тұрғызылған.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері