Алтынасар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен

Алтынасар – көне қала орны. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қуаңдария өзенінің ескі арнасының бойында орналасқан. Ежелгі аты белгісіз.

Алтынасар қала жұрты б.з. I-IV ғасырларында өмір сүрген, көлемі 17 га жерді алып жатқан, төрт бас ғимараттары бар өте ірі қала. Қала бірнеше қабаттардан тұратын күрделі құрылыстардан салынған.

Алғаш 1948 ж. Хорезм археолеологиялық экспедициясы (жетекшісі С.П.Толстов) зерттеген. Жота басында екі төбенің сұлбасы айқын байқалады. Біріншісі «Үлкен үй» аталады, аумағы 150х150 м, биіктігі 12–15 м. Мұнда негізінен тұрғын үйлер болған. Екінші төбе «Кіші үй». Жүргізілген қазба жұмыстары қаланың төмендігі қабаты 1–8 ғасырлларда салынғанын анықтады. Жоғары қабаты 6–8 ғасырларға жатады. Жоғары қабаттағы тұрғын үйлер орындары қазылды. Бөлмелерде суфалар мен еден үстіне орнатылған ошақтар сақталған. Олардың бөренелермен, қамыстармен жабылған төбесі жайпақ болғандығы анықталды.

Қала халқы мал, егін шаруашылығымен айналысқан. Сырдың төмен ағысындағы Жетіасар мәдениетінің басқа қоныстары секілді, Алтынасардың да ежелгі тұрғындары жау шапқыншылығынан қаланы тастап кеткен.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Галерея

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}