Жарқамыс (көл)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл Үлгі:Мағына ЖарқамысТорғай алабындағы көл.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 24 км жерде.

Гидрографикасы

Теңіз деңгейінен 75 м биіктікте. Аумағы 11,6 км2, ұзындығы 11,8 км, енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұзындығы 33,1 км. Оңтүстігінде Қоғакөл, солтүстік және солтүстік-батысында Байтақкөл, Бөкенкөл, Жаркөл, Қармақкөл көлдері орналасқан. Торғай өзенінің тармағы, жауын-шашын суларымен толысады. Суы қарашаның аяғында қатып, наурызда ериді. Оңтүстік жағалауы жарқабақты келген. Жағасында қамыс, құрақ өседі. Суы кермек татиды. Мал жайылымына пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер