Жанна Бейсентайқызы Асанова
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Жанна Бейсентаевна Асанова (1 желтоқсан 1975, Алматы облысы) — қазақстандық мемлекеттік және қоғам қайраткері, заңгер-экономист. 2023 жылғы 14 қаңтардан бастап Қазақстан Парламенті Сенатының сенаторы.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Өмірбаяны
1975 жылғы 1 желтоқсанда Шелек ауданы, Алматы облысында туған. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы жүйесіндегі Орталық клиникалық ауруханада санитарка болып бастаған. 1999–2003 жылдары Фармэкс ЖШС-де менеджер болып істеді. 2003–2004 жылдары Алматы қалалық №16 емханасында педиатр-дәрігер болып жұмыс істеді. 2004–2006 жылдары Алматы қаласы Көші-қон комитеті басқармасында бас маман болып қызмет атқарды. 2005 жылдан 2016 жылға дейін Алматы қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары. 2006 жылдан 2009 жылға дейін Алматы қаласы әкімдігінің Өндірістік-пайдалану кәсіпорнында маман. 2014 жылдан 2015 жылға дейін Алматы қаласындағы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Түрксіб аудандық филиалының директоры. 2015 жылдан 2016 жылға дейін «Парыз» қоғамдық қайырымдылық қорының вице-президенті. 2016 жылдан 2022 жылға дейін Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2016 жылдан 2017 жылға дейін «ИнтерФинИнвест» ЖШС директоры. 2017 жылдан 2019 жылға дейін «Алматы даму орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары — Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty Қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы. 2019 жылдан 2022 жылға дейін «EcoAlmaty» ЖШС директоры. 2022 жылдан 2023 жылға дейін «Алматы даму орталығы» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі. 2023 жылы оның Алматы қаласынан сенаторлыққа кандидатурасын 23 таңдаушы қолдады. 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын жариялады. 25 қаңтарда Алматы қаласынан сенатор ретінде тіркелді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> Депутаттық қызметімен қатар, 2023 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Парламентінің Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды, 2024 жылдан бастап Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болып табылады.<ref name=":0">Үлгі:Cite web</ref>
Білімі
Алматы мемлекеттік медицина университетін «заңгер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қазақ ұлттық аграрлық университетін «педиатр» мамандығы бойынша бітірген.
Марапаттары
2005 жылы Алматы әкімінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.
2012 жылы «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатымен және Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен марапатталған.
2016 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Үздік спикер» төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталған.
2020 жылы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен марапатталған.
2021 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен марапатталған.
2023 жылы «Сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.<ref name=":0" />