Дүйсенбай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Дүйсенбай – Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы Мұзбел жонының солтүстігіндегі құдық. Тереңдігі 30 м, су шығымы 180 л/сағ. Құдықтың оңтүстік-шығысында Қарабауыр жоны, батысында Батыс Үстірт кемері орналасқан. Солтүстік тегіс жазық келген. Оңтүстігінде Қоңыр, Айтман құдықтары бар. Тақыр және сортаңды қоңыр топырағында тасбұйырғын, бұйырғын, жусан, баялыш, күйреуік, сораң өседі.