Досан батыр (жыр)
Досан батыр – тарихи жыр.
1868 жылғы Маңғыстау қазақтары көтерілісінің басшылары Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлына арналған. Авторы халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлы.
Нұсқалары
«Досан батыр» жыры өзінің оқиға желісінің тартымдылығымен және көркемдігімен, тарихи деректерінің нақтылығымен ерекшеленеді. Сәттіғұл жырының Орталық ғылыми кітапхана қорында үш түрлі нұсқасы сақталған. Мазмұны мен көркемдігі жағынан толығырақ нұсқасын латын әрпімен жаздырып, 1939 жылы Сәттіғұл ақын өзі тапсырған.
Әдебиеттерде
«Досан батыр» жыры «Қазақ әдебиеті тарихында» (А., 1961, 1-т., 2-кіт.), «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» кітабында (1979) және Қ.Сыдиықұлының «Ақын жыраулар» (1974), «Сарқылмас қазына» (1996) моногр. еңбектерінде айтылады.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997</ref><ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref><ref>«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001</ref>