Досан Тәжіұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Досан Тәжіұлы (1835, Маңғыстаудағы Бозащы түбегінің Жиделі деген жері – 1876, Форт-Шевченко қаласы) – халық батыры, Маңғыстау көтерілісі басшыларының бірі. Досан Ресей үкіметінің 1868 жылғы «Уақытша ережесін» әділетсіздік деп бағалап, халықты көтеріліске шығуға үндейді. Онымен бірге Иса Тіленбаев, Алғи Жәлімбетов, Тілеуберген Орақов, Шүрен Иманов, Дихан Өтепов, Сүгір Шабаевтар халықты көтеріліске бастап шығады. Досан бастаған 400 сарбаз Үшауыз деген жерде Маңғыстау приставы подполковник Рукиннің жазалаушы отрядын тас-талқан етіп жеңеді. 1870 жылы сәуірде Досан сарбаздары Фортты қоршап алып, ондағы армян базарын талқандады, саудагерлер мен өндіріс иелерін тұтқындады, Николаевск станциян өртеп, армян слободкасы мен Қарағантүптегі маякті қиратты. Кавказдан жіберілген жазалаушы отрядпен Досан сарбаздары кескілескен шайқас жүргізе отырып, Хиуа хандығына өтіп кетеді. 1873 жылы Хиуа хандығын бағындыруға жіберілген Ресей әскерлеріне Қоңырат, Хожелі, Қарабайлы аймағында Досан тұтқиылдан шабуыл жасауды ұйымдастырып отырған. 1873 жылдың күзінде Досан жасағы Үстіртке қоныс аударды. 1874 жылы Ресей үкіметінің Аничкин бастаған іздеуші жасағы Сам құмында отырған Досан ауылын қапыда қоршап алып, жаралы Досан батырды қолға түсіреді. Досан Форт түрмесінде 2 жылдан кейін қаза тапты. Досан батырдың сүйегін туған жері Бозащыға Жанғабыл (халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлының әкесі) бастаған бір топ азаматтар жеткізген. Мүрдесі сондағы Қаратөбе зиратына қойылған. Досан батырдың ерлігін Ақтабан, Бала Ораз, Қашаған, Қалнияз, Сәттіғұл ақындар жырға қосқан.

Досан батыр

Досан батыр– тарихи жыр. 1868 жылғы Маңғыстау қазақтары көтерілісінің басшылары Досан Тәжіұлы мен Иса Тілекбайұлына арналған. Авторы халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлы. «Досан батыр» жыры өзінің оқиға желісінің тартымдылығымен және көркемдігімен, тарихи деректерінің нақтылығымен ерекшеленеді. Сәттіғұл жырының Орталық ғылыми кітапхана қорында үш түрлі нұсқасы сақталған. Мазмұны мен көркемдігі жағынан толығырақ нұсқасын латын әрпімен жаздырып, 1939 жылы Сәттіғұл ақын өзі тапсырған. «Досан батыр» жыры «Қазақ әдебиеті тарихында» (А., 1961, 1-т., 2-кіт.), «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» кітабында (1979) және Қ.Сыдиықұлының «Ақын жыраулар» (1974), «Сарқылмас қазына» (1996) моногр. еңбектерінде айтылады. <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref> <ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Досан Тәжіұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}