Дана Затопкова
Үлгі:Жеңіл атлетші Үлгі:Медальдар Дана Затопкова, қыз кезінде Ингрова (19.09.1922—13.03.2020) — Чехословакияның жеңіл атлеті, найза лақтырушы, Олимпиада чемпионы.
1948 жылы ол Эмиль Затопекпен танысып, оған тұрмысқа шығады. Күйеуімен туған күні мен жылы бір болады екен. Үйленген жылы екеуі де Лондондағы Олимпиадаға қатысады. Дана онда 39,94 метр нәтижесімен жетінші орынға орналасады.
Келесі Олимпиадада Дана Затопкова найзаны 50,47 метрге лақтырып, чемпион болып шығады. Алтын медаль жеңген күні жұбайы да 5000 метрлік дистанцияда жеңімпаз атанады.<ref>Үлгі:Cite book</ref>
1956 жылы Аустралияда өткен Олимпиадада ол төртінші нәтиже көрсетеді (49,83 м). Ал төрт жылдан кейін Римде күміс жүлдеге қол жеткізеді (53,78 м).
1958 жылдың маусымында Прагада 55,73 метр нәтижесімен әлем рекордын жаңартқан. Алайда екі ай өтпей бұл рекорд та құлайды.