Эмиль Затопек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жеңіл атлетші Үлгі:Медальдар Эмиль Затопек (19.09.1922—21.11.2000) — Чехословакияның жеңіл атлеті, ұзын дистанцияларға жүгіруші, төрт мәрте Олимпиада чемпионы.

Әртүрлі дистанцияларда ол жалпы есеппен 18 әлем рекордын орнатқан болатын. 1948–1954 жылдары 10 000 метрге жүгіруге қатысқан 38 сайыстың бәрінде де жеңімпаз атанған.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 1954 жылы осы дистанцияны 29 минуттың ішінде жүгіріп өткен алғашқы адам болды.

Өмірбаяны

Эмиль көпбалалы жанұяда туды. 16 жасынан бастап Baťa аяқ киім шығаратын фабрикада жұмыс істей бастады. Сол фабрикада ұйымдастырылған сайысқа қатысқаннан кейін спорттық мансапқа белін буды. 1944 жылы ол 2000, 3000 және 5000 метрге жүгіруде чехословакиялық рекордтарды жаңартты.

Алғашқы халықаралық сайысқа қатысуы 1946 жылы орын алды. Алайда сол жылғы жеңіл атлетикадан Еуропа чемпионатында ол жүлдеге іліге алмады.

1948 жылдың мамырында ол Дана Ингровамен танысады, көп ұзамай олар үйленеді. Екеуі де Лондондағы Олимпиадаға қатысады. Дана Затопкова одан кейінгі Олимпиадада найза лақтырудан чемпион атанады.

1958 жылы спорттан кетеді. 1968 жылы Прага көктемін қолдаған белсенділердің бірі болған. 1969 жылы армиядан және партиядан қуылады.

2000 жылы ол инсульттан қайтыс болады.

2012 жылы оның есімі ИААФ Даңқ залына кіргізілді.

Сондай-ақ оның құрметіне (5910) Затопек астероиды аталған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер