Георгий Францевич Дебец

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дебец Георгий Францевич (24 қараша 1905ж., Ресей, Томск қаласы – 19 қаңтар 1969ж., Мәскеу қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1941), профессор (1944).
Терең зерттеген саласы – антропогенез, палеоантропология, этникалық антропология, көне дәуір археологиясы. Қазақстанда 1936, 1940, 1947 жылдары арнаулы антропологиялық жұмыстар жүргізді. Қазақ халқының шығу тегін анықтауға, әсіресе, оның антропология типінің шығу тегі қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының мүсінімен байланысты екендігін дәлелдеуге үлкен үлес қосты.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Үлгі:Суретсіз мақала

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub