Гафур Қасымов
Гафур Қасымов Асымұлы (9.5.1952 ж.т., Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы) – кәсіпкер, қоғам қайраткері, өзбек ұлттық мәдени орталығының төрағасы. Ленинград электротехника-медицина техникумын (1973), Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын (1986) бітірген. «Қазсаудажарнама» комб-нда техник-электрик, шебер, бас инженер (1973 – 80), автоколоннада жүргізуші, механик, директордың орынбасары, автоколонна бастығы (1980 – 88). 1988 жылы Мәскеу қаласындағы кеңестік-австралиялық бірлескен кәсіпорын директоры, «РиКА» сауда үйінің бас директоры. Қазір «Виза» ЖШС-нің бас директоры. Білікті кәсіпкер, табиғи шырындар мен минералдық су шығаратын екі зауытты іске қосты, бірнеше ірі қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Жамбыл облысы мәслихатына қатарынан үш рет сайланды.
Дереккөздер
“Тараз энциклопедиясы”