Бұйда пышақ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бұйда пышақ — қарудың бір түрі. Бұйда пышақтың жүзі жалпақ, жетелі, ұзын болады. Сабын бөкеннің, тауешкінің мүйізінен немесе қатты ағаштан жасайды. Оны саптағанда сапсалғы деген құралды қолданады. Сабы жарылмас үшін сағақ тұсын мыс, жез, күміс тәрізді металмен құрсаулап мойнақтайды. Кейде сабының дүмін де металмен қаптап, шығыршық бекітеді. Бұйда пышаққа көннен, қайыстан немесе былғарыдан қын тігіп, сабының мойнағына жезден, мыстан, күмістен әшекей жүргізеді. Бұйда пышақты “сарымойнақ пышақ” деп те атайды.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify