Бұйда пышақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұйда пышақ — қарудың бір түрі. Бұйда пышақтың жүзі жалпақ, жетелі, ұзын болады. Сабын бөкеннің, тауешкінің мүйізінен немесе қатты ағаштан жасайды. Оны саптағанда сапсалғы деген құралды қолданады. Сабы жарылмас үшін сағақ тұсын мыс, жез, күміс тәрізді металмен құрсаулап мойнақтайды. Кейде сабының дүмін де металмен қаптап, шығыршық бекітеді. Бұйда пышаққа көннен, қайыстан немесе былғарыдан қын тігіп, сабының мойнағына жезден, мыстан, күмістен әшекей жүргізеді. Бұйда пышақты “сарымойнақ пышақ” деп те атайды.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұйда пышақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}