Басарал
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Басарал – Балқаш көлінің оңтүстік-батысындағы арал. Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының аумағында орналасқан. Ұзындығы 12 шаршы шақырым, енді жері 8 км. Абсолюттік биіктігі 393 м. Жағалары түгелдей дерлік жарқабақты. Солтүстігінің біраз жері жырамен тілімденген. Оңтүстігінің ойпаңдарында кішігірім көлдер бар. Тас көмір шөгінділерінен түзілген. Оның бетін неоген кезеңінің қызғылт сары құмды балшығы жауып жатыр. Сұр, сортаң топырағында бұйырғын аралас баялыш, қараған, т.б. шөптер өседі.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер
<references/>