Ақорпа
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ақорпа — Бозащы түбегінің солтүстік бөлігіндегі құдық. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан.
Тереңдігі 4 м, су шығымы 1400 л/сағ. Солтүстігі тақыр жазықты, батысы сортаңды болып келеді. Батысында Үлкенсор қонысы мен мұнай кен орындары орналасқан. Маңында Кіндікті, т.б. қыстаулар бар.<ref>Қазақ энциклопедиясы, ҚР табиғаты</ref>
Атаудың сөзжасамдық сипаты
Атау аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Ақ (сын есім) және орпа (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. Орпа – аузы кең, тайыз, әрі шегенделмеген құдық. Құдық қазылған жердің топырағының ақ болуына орай аталған атау.<ref>Үлгі:Кітап</ref>