Алтайы Иранбекқызы Оразбаева
Үлгі:Ғалым Алтайы Иранбекқызы Оразбаева — тарих ғылымының докторы (2006), профессор (2011).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1970 жылы 14 наурызда Қызылорда облысында туған.
Қазақ ұлттық университетін (1992), Еуразия ұлттық университетінің докторантурасын (2005) бітірген.
1992-95 жылдары Тарих және этнология институтында кіші ғылыми қызметкер, 1996-2001 жылдары Қазақ ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, деканның орынбасары, доцент, 2001-02 жылдары Еуразия ұлттық университетінде доцент, 2006-08 жылдары Шығыстану институтында жетекші ғылыми қызметкер, 2008-09 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының дипломатия институтында директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдан Шығыстану институтында жетекші ғылыми қызметкер.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Цивилизационные особенности социкультурного развития традиционного казахского общества в XV-XVIII вв.(теоретические и методологические проблемы)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми бағыты – дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси қарым-қатынастар, билер институтының пайда болуы мен даму үрдісінің заңдылықтары, Еуразия далалық аумағы көшпелілер өркениетінің даму ерекшеліктеріне қатысты ілімдік және әдістемелік, отандық тарих философиясына тиеселі мәселелерді зарттеу.
60-тан астам ғылыми еңбектің, 2 монографияның, Қазақстан тарихы бойынша лекциялар курсының авторы.
Марапаттары
- Жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы сыйлықтың лауреаты (2001);
- "Дарын мемлекеттік жастар сыйлығы" лауреаты (2004).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>