Айыркөл
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көл Айыркөл – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра кентінің солтүстігінде, Өлкейек және Торғай өзендерінің түйіскен жерінде орналасқан көл.
Гидрографикасы
Аумағы 45,5 км2. Ұзындығы 21,4 км, ені 2,7 км. Тереңдігі 4 м-ден астам. Жағалауы жазық. Батысынан ұзындығы 10 км-ге жететін өзен ағып шығады. Суы ащы. Қазанның аяғы мен қарашаның басында мұзы қатып, көкектің 2-жартысында ериді. Көлде табан балық өседі. Жазда көл жағалауы демалыс орны ретінде пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>