Айзада Таңатарқызы Сатыбалдиева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Театр қайраткері Айзада Таңатарқызы Сатыбалдиева (3 қазан 1977, Мәдени ауылы, Төле би ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақ кино және театр актрисасы, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2018).

Өмірбаяны

Айзада Таңатарқызы 1977 жылы 3 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Мәдени ауылында дүниеге келді. Ол дулат тайпасының Сиқым руынан шыққан<ref>Үлгі:Кітап </ref>.

1994-1998 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және өнер институтындағы театр факультетінің музыкалық драма бөлімінде оқыды.

1998 жылы Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының труппасына қабылданды.

2007 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы болып істеді.

2009 жылдан бастап М.О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы болып келеді.

2006 жылы «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетілген «Қымызхана» телебағдарламасына түсті.

Сахнадағы басты рөлдері

М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры

  • М. Әуезовтің «Қарагөз» қойылымында Өсекші әйел (реж. Б. Атабаев);
  • М. Әуезовтің «Қилы заман» қойылымында Ана (реж. А. Рахимов);
  • Т. Нұрмағамбетовтің «Қожанасыр тірі екен» комедиясында Зүлейха (реж. О. Кенебаев);
  • Д. Исабековтің «Жаужүрек» қойылымында Елизавета;
  • М. Сәрсекенің «Такова жизнь» қойылымында Қаңғыбас әйел (реж. О. Кенебаев);
  • А. Әмзеұлының «Қара кемпір» қойылымында Келін (реж. Е. Обаев);
  • А. Рахимовтің «Свидетельство на преступление» қойылымында Ұзынетек;
  • С. Асылбекұлының «Империядағы кеш» қойылымында Нұрсұлу (реж. А. Рахимов);
  • Ү. Ғажыбековтің «Аршин мал алан» мюзиклінде Гүлчахра (реж. Т. Әл-Тарази);
  • Н. Гогольдің «Үйлену» қойылымында Арина (реж. В. Захаров);
  • Шахимарден мен Қ. Ысқақтың «Қазақтар» қойылымында Михр ханым;
  • Р. Мұқанованың «Ангел с дьявольским лицом» қойылымында Ұзынғайша;
  • Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» реквиемінде Нұрғаным (реж. О. Кенебаев);
  • Т. Әбдіковтің «Великий и Вор» қойылымында Журналист (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан) және басқа да рөлдер.**

Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры

  • Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібек» қойылымында Жібек (реж. Ә. Мәмбетов);
  • «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қойылымында Баян (реж. Ә. Мәмбетов);
  • М. Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды» қойылымында Құртқа (реж. Б. Ұзақов);
  • «Еңлік – Кебек» қойылымында Еңлік;
  • Қ. Шаңғытбаев пен Қ. Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» қойылымында Жансұлу (реж. Б. Ұзақов);
  • Әнес Сарайдың «Балуан Шолақ» қойылымында Татьяна (реж. Н. Жұманиязов);
  • Ф. Эрвенің «Мадемуазель Нитуш» қойылымында Дениза;
  • С. Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» қойылымында Нигора;
  • Ж. Файзидің «Башмағым» қойылымында Сәруар және басқа да рөлдер.

Марапаттары

  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016).
  • «Театр көктемі» дәстүрлі театр фестивалінің бірнеше дүркін жүлдегері.
  • Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2018 жыл 14 желтоқсан).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер