Айбар Болатұлы Жақсылықов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Айбар Болатұлы Жақсылықов (24 шілде 1997 жыл, Балпық би, Көксу ауданы, Алматы облысы, Қазақстан) —қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Елімай" клубының шабуылшысы.

Карьерасы

Клубтық

Карьерасын 2014 жылы бастады. Бірнеше жыл бойы "Жетісудың" фарм-клубтарында ойнап, төменгі лигаларда өнер көрсетті. 2019 жылы негізгі құрамға ілікті. 9 наурыз күні "Оқжетпеске" қарсы ойында тұңғыш рет Премьер лигада алаңға шықты да, 87-минутта гол соқты. Бұл ойында "Жетісу" 5:0 еебімен жеңіске жетті.

Екінші голын 18 мамырда "Ақтөбенің" қақпасына соқты. Жалпы 2019 жылы 24 кездесуде алаңға шығып, алты голдың авторы атанды.

2020 жылғы маусымда нәтижелілігі төмендеп кетті. Тұңғыш голын 24 қыркүйекте ғана "Шахтердің" қақпасына енгізді.

Халықаралық

Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 2020 жылы 11 қазанда УЕФА Ұлттар лигасында Албания құрамасына қарсы өткізді. 86-минутта Бақтияр Зайнутдиновтың орнына алаңға шықты.

Жүлделері

  • Қазақстан суперкубогы: 2022
  • Қазақстан чемпионы: 2023

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Бастама Үлгі:Сыртқы сілтемелер