Бақтияр Батыржанұлы Зайнутдинов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Бақтияр Батыржанұлы Зайнутдинов (2 сәуір 1998, Тараз) — қазақстандық футболшы, "Динамо" клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы. Қазақстан құрамасы тарихындағы үздік бомбардир. Қазақстанның ең қымбат футболшысы.

Карьерасы

Клубтық

"Тараз" футбол клубының түлегі. 2017 жылы Қазақстандағы үздік жас футболшы атанды.

2017 жылы 25 қарашада "Астанаға" ауысты. "Астана" сапында Ұлттық чемпионат пен Еурокубоктердегі бірнеше маңызды ойындарда алаңға шықты. Жыл соңында Қазақстандағы "жаңа есім" номинациясына ие болды. 2018 жылы Астана клубымен чемпион атағын алды.

2019 жылы 12 қаңтарда Ресейдің "Ростов" клубына ауысты. "Ростов" сапында 31 рет алаңға шығып 4 гол соққан болатын.

2020 жылы 25 тамызда Мәскеу ЦСКА клубымен 5 жылдық келісім шарт жасасты. 10-тур матчында ЦСКА үшін өзінің алғашқы голын Екатеринбургте "Орал" қақпасына соқты. 2023 жылы Ресей кубогы иегері атанды.

2023 жылы 21 тамызда "Бешикташ" клубына ауысты. Үш күннен соң УЕФА конференциялары лигасында "Динамо Киев" клубына қарсы ойында жаңа командасындағы тұңғыш ойынын өткізді. Екінші таймда алаңға шықты да, 90+5 минутта гол соғып, командасына жеңіс әперді (3:2)<ref>https://www.sports.kz/news/zaynutdinov-na95-y-minute-vdebyutnom-matche-prines-pobedu-beshiktashu-nad-kievskim-dinamo-video</ref>.

Ұлттық құрама

Ұлттық құрама сапындағы ойынын 2018 жылы 23 наурызда Мажарстан құрамасына қарсы өткізіп, 39-минутта жеңіс голын соқты. Бұл ойында қазақстандықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құрамадағы екінші голын 2018 жылы маусым айында Әзірбайжанға қарсы жолдастық кездесуде соқты (3:0).

2018 жылы УЕФА Ұлттар Лигасындағы алты ойынның бәрінде де алаңға шығып, бір гол соқты (Латвия қақпасына).

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде 3 голдың авторы атанды (Шотландияға екі гол, Сан-Мариноға бір гол).

2020 жылы 4 қыркүйекте УЕФА Ұлттар Лигасының бірінші турында Литваның қақпасына гол соғып, есеп ашты. Бұл кездесуде қазақстандықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

2021 жылы 7 қыркүйекте ӘЧ-2020 іріктеуінде Босния және Герцеговина қақпасына 90+6 минутта гол соғып, құраманы жеңілістен құтқарды (2:2).

2021 жылғы 16 қарашада Тәжікстанмен жолдастық кездесуде матч тағдырын шешкен жалғы голды соқты.

2022 жылы наурыз айында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдова қақпасына гол соқты (2:1). 2022/23 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында Беларусь қақпасына гол соғып, құрамаға жеңіс әперді (2:1). ЕУРО-2024 іріктеуінде Дания мен Сан-Мариноның қақпасына бір-бір голдан соғып, құрама сапындағы голдар санын 12-ге жеткізді.

2023 жылы 17 қазанда Финляндия құрамасына қарсы ойында 2 гол соғып, Қазақстан Ұлттық құрамасының үздік бомбардирі атанды.

Жетістіктері

Командалық

Үлгі:Ту Астана

  • Қазақстан Суперкубогы: 2018
  • Қазақстан чемпионы: 2018

Үлгі:Ту ЦСКА

  • Ресей кубогы: 2022/23
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері: 2022/23

Жеке

  • Қазақстан чемпионатының үздік жас ойыншысы: 2018
  • Қазақстан чемпионатындағы жаңа есім: 2018

Ұлттық құрамадағы матчтары

Дата Матч Гол Ойынның

мәртебесі

1 23.03.2018  Мажарстан - 3:2 Үлгі:Гол ЖО
2 26.03.2018  Болгария - 1:2 Үлгі:Гол ЖО
3 05.06.2018  Әзірбайжан - 3:0 Үлгі:Гол ЖО
4 06.09.2018  Грузия - 0:2 ҰЛ
5 10.09.2018  Андорра - 1:1 ҰЛ
6 13.10.2018  Латвия - 1:1 Үлгі:Гол ҰЛ
7 16.10.2018  Андорра - 4:0 ҰЛ
8 15.11.2018  Латвия - 1:1 ҰЛ
9 19.11.2018  Грузия - 1:2 ҰЛ
10 21.03.2019  Шотландия - 3:0 Үлгі:Гол ЕЧІ
11 24.03.2019  Ресей - 0:4 ЕЧІ
12 16.11.2019  Сан-Марино - 3:1 ЕЧІ
13 19.11.2019  Шотландия - 1:3 Үлгі:Гол ЕЧІ
14 04.09.2020  Литва - 2:0 Үлгі:Гол ЛН
15 11.10.2020  Албания - 0:0 ҰЛ
16 14.10.2020  Беларусь - 0:2 ҰЛ
17 01.09.2021  Украина - 2:2 ӘЧІ
18 07.09.2021  Босния және Герцеговина - 2:2 Үлгі:Гол ӘЧІ
19 09.10.2021  Босния және Герцеговина - 0:2 ӘЧІ
20 12.10.2021  Финляндия - 0:2 ӘЧІ
21 16.11.2021  ТәжІкстан - 1:0 Үлгі:Гол ЖО
22 24.03.2022  Молдова - 2:1 ҰЛ
23 29.03.2022  Молдова - 0:1 ҰЛ
24 22.09.2022  Беларусь - 2:1 Үлгі:Гол ҰЛ
25 16.11.2022  Өзбекстан - 0:2 ЖО
26 19.11.2022  БАӘ - 1:2 ЖО
27 23.03.2023  Словения - 1:2 ЕЧІ
28 26.03.2023  Дания - 3:2 Үлгі:Гол ЕЧІ
29 16.06.2023  Сан-Марино - 3:0 Үлгі:Гол ЕЧІ
30 19.06.2023  Солт Ирландия - 1:0 ЕЧІ
Бары 12 30 ОЙЫН

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Сыртқы сілтемелер