Nickelback

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Nickelback пост-гранж жанрында орындайтын канадалық рок тобы. 1995 жылы Ханна қаласында құрылған. Топтың атауы Here’s your nickel backмынау сіздің ақша қайтаруыңыз - ағылшын сөз тіркесінен құралған. Немесе «Мынау Сіздің ақша қайтаруыныздың бес центі». Никель (Үлгі:Lang-en) - американдық бес цент ақшаның атауы.

Топтың тарихы

Топтың құрылуы

Топ шағын канадалық Ханна қалашығында Чед және Майк Крюгер ағайындылармен құрылған. («Photograph» бейнетүсіру нақты сол қалада болған). Топ негізін қалаушы Чед деп айта кетуге болады. Себебі Чед ағасын музыкалық топ құруға қызықтырды. Және де топтың құрамына соқпашы Брэндон Крюгер (Чед пен Майктың немере ағасы) және гитарашы Райан Пике енген. Көпке дейін музыканттар топтың атауын таба алмаған, бірнеше нұсқасын біртіндеп қарастырған.

Атаудың пайда болуы

Nickelback болып аталғанға дейін канадалық квартет BRICK деп аталған, ал оның алдында Village Idiot деген атауды таңдаған, бірақ ұйымның ең алғашқы атауы POINT OF VIEW болды. Нақты «Nickelback» аудармасы ақша есесін қайтару. Бұл сөз топтың өмірінде Майк Крюгер дәмханада жұмыс істегенде пайда болған кофенің бір шынағы 45 цент тұратын, ал доллардың жартысынан 5 цент қайтарылатын (сленгте - «nickel»). Есеп айырылысқанда Майк жиі бір сөйлемді қайталайтын «Here’s your nickel back.» (Мынау Сіздің 5 центіңіз) Ең соңында музыканттар күрделі атаулардан бас тартып оңай және үйренген «Nickelback» атауын қалдыруды ұйғарды.

Топ стилі

Өзінің музыкалық стилін топ бірден анықтай алмады. Алдымен музыканттар тек басқа ұжымдардың кавер-нұсқаларын орындайтын. Бірақ бұлар сәтті болмаған. Оған қоса, топ шынымен де танымал болғанын қалайтын. Бұл танымалдыққа қол жеткізу үшін тек қана каверлерді емес, өз өлеңдерін айту керектігін олар түсінді. Бұл Чад Крюгердің ойына келген, алайда жобаны оның ата-аналары қаржыландырған. Ұлдары Ванкувер қаласындағы студияда дауыс жазудың қызметін төлеуі үшін олар 4000$ жұмсаған. Бұл топтың ресми алғашқы қадамы болған.

Топтың өрге шығуы

Өзінің дінқұмарлығына қарамастан Крюгердің өгей әкесі Чедке керек қаражатты бөліп берген. Сол ақшаға 1996 жылы Nickelback Чед өзі жазған әндерінен тұратын алғашқы демо-жинағын шығарған. Nickelback достарының флешмоб дауыс беру арқылы жергілікті радиостансалардың эфирінде жиі еститініне жетті. Көпке дейін олар радиостансаларды аралап, телефон шалып эфирге шығаруды өтінгенде «Әрине» деген жауaп алатын. Ванкуверге қоныс аударғанда музыканттар Curb екінші жиынтығын жаздыртқан және 3 Doors Dow-пен бірлесіп Канаданы аралап тез арада танымалды жетістікке жетті. Roadrunner Records атты ірі лейбл 2001 жылы келесі Silver Side Up атты жиынтығын шығаруға келісім ұсынды. Жиынтық өте танымал болып Billboard Hot 100 рейтингіне ілінді, оның ішіндегі «How You Remind Me» әні радиохит болып аталды. Чед әндерінде балалық шақтағы жеке күйінішін көрсетті, әсіресе «Too Bad» әнінде отбасын тастап кеткен өзінің әкесін кінәлады. Nickelback «Человек-паук» көркем фильмге саундтрек жазып АҚШ аудиториясын жаулап алды. Осы саундтректің «Hero» әніне бейнеклип түсіріліп, бұл клип үнемі MTV арнасында көрсетілетін. Жиынтықтың «Someday» синглы шыққан бетте топты коммерциялық және өз-өзін көшіру бағыттылығын күнәға тартты, өйткені «Someday» әні өте «How You Remind Me» әніне ұқсайды. Келесі релиз All the Right Reasons жиынтығы болды. Оны жазар алдында топ соқпашыны ауыстырған, топқа Дэниел Адаир (3 Doors Down экс-қатысушысы енд). All the Right Reasons жиынтығынан бес сингл және бес бейнеклиптар шығарылды. Dark Horse дискі 2008 жылдың 18 қарашасында соңғы жиынтықтың алдында шыққан жиынтығы, одан үш сингл және бес клип Nickelback «Burn It to the Ground» әнін 2010 жылдың 28 ақпанда Ванкувер қаласында Олимпиаданың жабылу рәсімінде орындады. 2010 жылы сұхбатыңда Чед Крюгер Dark Horse жиынтығымен аралауды аяқтап топ жаңа жиынтық жазуға дайындалады, төрт композициясы дайын, жазу ақпан айында басталады, дискі 2011 жылдың аяғында, 2012 жылдың басында шығады деп айтқан. Here and Now жаңа жиынтығы 2011 жылдың 21 қарашасында шықты. Бірінші синглдерін «Bottoms Up» және «When We Stand Together» әндерін 26 қыркүйектен бастап жергілікті радиодан тыңдауға болатын еді. 23 қыркүйектен бастап композицияларды топтың сайтынан тегін тындауға болады. 3 қарашада VH1 телеарнада «When We Stand Together» бейнеклиптің алғашқы көрсетілуі болды. Бірінші аптасында жиынтықтың 391 000 данасы сатылды. 2011 жылдың қорытындысы бойыша «Жылдың ең үздік жиынтығы» чартынде 1 100 000 данасымен «Here And Now» 37 орынға иеленді.

Дереккөздер

http://nickelback.com/

http://nickelbackfanclub.com/

http://www.nickelback.ru/

http://www.myspace.com/nickelback