M1 Garand

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

M1 Garand (Эм-Уан Гаранд), (US Rifle, Caliber .30, M1) - екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бастап қолданылып келе жатқан америкалық винтовка. М1 Гаранд – жаяу әскердің негізгі құралы ретінде қабылданған, әлемдегі өзі оқталатын алғашқы винтовка. Бұл қару Кореядағы соғыста АҚШ әскерлеріне қызмет етті. Винтовканы 1929 жылы Джон Гаранд жасап шығарды.

Нұсқалары

М1 Гарандтың нұсқалары көп. Олар:

  • M1
  • M1E7
  • M1E8
  • M1C
  • M1D
  • Beretta BM 59
  • M1 Conversion Rifle

M1C пен M1D Корея соғысында кеңінен қолданылды.

Қаруды пайдаланушы елдер

Қызықты дерек

М1 Америка армиясының қаруы қатарына енгенде, солдаттар оның сенімсіздігін айтып, шағымданды. Алтыншы оқты атқаннан кейін винтовка кідіріп қалатын. Осыны есепке алған АҚШ Конгресі аталған мәселені жеке талқылап, кемшілікті жою мәселесімен айналысатын комиссия құрды. Комиссия қарудың газ өткізетін жүйесін жаңарту керек деп шешті.<ref>1100 қызықты деректер</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер