IQ Doda (зияткерлік ойын)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақтың ұлттық ойындарының арасында дене мен қимыл-қозғалысты ширататындарымен қатар, адамның танымын, ойын жетілдіретін түрлері де жоқ емес. Сауық кештерде жастар білгенімен ой-өрісін шыңдау мақсатында бір-біріне жұмбақтар жасырып, табан асты айтыстар ұйымдастырып, сөз және күймен тартысқандары белгілі.

«IQ DODA» туралы

«IQ DODA» – білім сынауға негізделген осы заманның зияткерлік ойыны. Білімнің үлкен табысқа, биік шыңдарға бастайтын күш екендігін растайтын бұл ойында негізінен Еліміздің тарихы, жер-су аттары, мәдениеті мен руханиятына қатысты сұрақтар қойылады.

Ережесі

Сұрақтар жеңіл, орташа, күрделілігіне қарай үш деңгейге жіктелген. Сәйкесінше бір сұрақтың төрт нұсқада жауабы беріледі. Дұрыс жауабын тапқан, көп ұпай жинаған ойыншы алғашқы деңгейден сәтті өтіп, келесі деңгейдің сынында бағын сынай алады. Бір сұраққа ойлануға 30 секунд уақыт беріледі. Әр дұрыс сұрақ 10 алтынға бағаланады. Егер сұраққа дұрыс жауап берілмесе, ойын аяқталады. Бұл ойын білгенінің арқасында ойындағы тасын өрге домалататын, білмегені болса, үйренгісі келетін көпшілікке арналған.<ref>Ойын туралы</ref>

Дереккөздер

<references/>