F-Lock

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кіріспе

F-lock пернесі Microsoft компаниясымен 2001<ref>Үлгі:Cite web</ref> жылы таныстырылған және функционалды пернелердің қалпын өзгертеді. Қосылған жағдайда, F1-ден F12-ге дейін пернелер бағдарламада берілген және стандартты мәнін сақтайды. Өшірілген қалпында жаңа мәндер қолданылады: F5 "ашу" бұйрығын, F10 "тексеру" т.c.c. бұйрықтарды білдіреді. Бастапқы модельдерде F-Lock қалпы компьютерді қайта жүктеу нәтижесінде жойылатын болатын, алайда кейінірек, модельдер ол қалыпты қайта жүктеуден кейін сақтап қалатын болған.

Басқа пернетақта өндірушілер де (Logitech және Viewsonic сияқты) өздерінің пернетақталарына қондырылған F-Lock пернесіне ие еді.

Мәселелер

F-Lock пернесінің енгізілуі бірнеше жақ бойынша сынға алынды. Біріншіден, пернелердің іс-әрекеті интуитивті емес еді: Бастапқы қалпында F4 сияқты перне өзінің кәдуілгі мәнін жоғалтқан, сондықтан Alt+F4 сияқты комбинация жұмыс жасамайтын болатын.

Екіншіден, пернелердің екінші ретті функциялары лағып қойылған болатын: F7 орфографияны тексеруге әдетті пернесі болған кезде (жеке алғанда Microft өзінің Office өнімдерінде пайланады), оған "жауап қайтару" функциясы жүктелді, өз кезегінде орфографияны тексеру F10 пернесіне жүктелген болатын. Бұл жайт кейбір комментаторлар тарапынан қатты сынға алынды.<ref>For example, http://www.udolpho.com/weblog/?id=00582.</ref>

Windows шолғышында F2 пернесі "атты өзгерту" функциясының орнына "кері қайтару" функциясын орындайды. Өз кезегінде бұл өте қиын салдарға соқтыруы мүмкін.

Бұл мәселерге орай F-Lock функциясын өшіру жолдары әлемдік желіде жарияланған болатын.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Көптеген Microsoft/PC тұтынушылары Microsoft's Intellitype Pro бағдарламасын қолдану арқылы айналмалы жол тапқан. Бұл бағдарлама функцияналды және қосымша пернелерге макростар/пернелер орнатуға мүмкіндік береді. Мысалыға, егер де F1 пернесіне {Press <F1>} макросын орнатсақ, ол басылған жағдайда, F-Lock қалпын елемейтін болады.

Функциялар

Батырма Жаңа іс-әрекеті
F1 Көмек
F2 Іс-әрекетті артқа қайтару
F3 Іс-әрекетті алдыға жүргізу
F4 Жаңа файл
F5 Файлды ашу
F6 Файлды жабу
F7 Жауап қайтару
F8 Алға
F9 Жіберу
F10 Тексеру
F11 Сақтау
F12 Басу

Пайдаланылған қайнар көз

  1. http://en.wikipedia.org/wiki/F-Lock

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Reflist