Cisco Systems

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Компания Cisco Systems Inc. (оқылуы «сиско») — Желілік қондырғыларды шығарушы америкалық трансұлттық компания. Ең алғаш өз жұмысын корпоративтік маршрутизаторлар шығарудан бастаган.Интернет эрасындағы сәтті компаниялардың бірі. Cisco Systems компаниясы компьютерлік желілер бойынша инженерлер үшін көпдеңгейлі сертификациялау жүйесін жасап шығарды. Мұндай сынақтар Cisco компаниясының өнімдерімен қатар желілік технологиялар мен протоколдарды білуді талап етеді. Басқа фирмалардың желілік қондырғыларын пайдаланатын көптеген мекемелер де Cisco сертификаттарының құндылығын мойындайды. Атап айтқанда (CCIE) эксперті деңгейіндегі сертификат компьютерлік технологиялар саласындағы ең белгілісі болып табылады.

Компанияның штаб-пәтері Калифорния штатының Сан Хосе қаласында орналасқан.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Ақпараттық технологиялармен айналысатын компаниялар