Billboard
Үлгі:Журнал Billboard («Биллборд») — музыкалық индустрияға арналған апта сайынғы американдық журнал. Бұл кәсіпкерліктің түгелдей дерлiк тұрғыларын қамтиды, соның ішінде апта сайынғы жаңалықтар, авторлық мақалалар, аудио және видеосақтаушылардың сатылуы және т.б., дегенмен өзінің чарттарымен өте танымал. Олардың ең маңыздылары — Billboard Hot 100 және Billboard 200.
Тарихы
Журналдың алғашқы нөмірі 1894 жылы жарық көрді. Бастапқы кезде журнал түгелдей ойын-сауық индустриясына арналған болатын, бірақ 1905 жылдан бастап киноиндустрия жаңалықтарын баяндауды тоқтатты, ал 1951 жылдан көңілін толығымен музыкаға аударды. Хит-шерулердің күн сайынғы жариялау тәжірибесі 1936 жылы енгізілді; қазіргі кезде олардың саны бірнеше ондықтарды құрайды. Хит-шерулер музыкалық жанрлар және басқа да критерийлері бойынша құрастырады. Жыл сайнғы сатылымдар нәтижесі бойынша, журнал Billboard Music Awards сыйлығымен марапаттайды.
- Billboard01 FirstIssue.jpg
Алғашқы басылым, 1894
- Billboard03 1896.jpg
Рождестволық басылым, 1896
- Billboard02 10thAnniv.jpg
Мерейтойлық басылым, 1904
Инвесторлары
2005 жылдан бастап, Billboard голландиялық VNU конгломератының қолында.