5:32 (телесериал)
Үлгі:Телесериал 5:32 — Қазақстанда түсірілген криминалды-драма жанрындағы көпсериалы веб-сериал. Сериалдың авторы әрі продюсері — Әлішер Утев. Туынды Қазақстандағы бірқатар шулы кісі өлтіру оқиғаларына негізделіп, нақты өмірден алынған істерден шабыттанған. Тұсаукесері 2021 жылғы 11 қарашада YouTube және Aitube видеоплатформаларындағы «Пацанские истории» арналарында өтті. Сериалдың атауы — сағат 5:32-ні білдіреді, бұл – әрбір қылмыс жасалған шамамен уақыт. Онымен қоса Құранның 5 сүресі, 12 аятына сілтеме жасайды.
Сюжет
Сериал оқиғасы полиция тергеушісі мен криминалист маманның айналасында өрбиді. Олар бірнеше кісі өлтіру ісін ашу барысында адамның психологиясы мен қоғамдағы терең жараларды ашады. Әр бөлімде жаңа қылмыстық оқиға көрсетіліп, оның артында тұрған адамның мотиві мен тағдырына үңіледі. Сериалда қоғамдағы зорлық-зомбылық, отбасылық мәселелер, жүйеге сенімсіздік секілді тақырыптар көтеріледі.
Оқиға екі уақыт желісінде өрбиді және маньяк-кісі өлтірушілерге маманданған тәжірибелі тергеуші Шалқар Рахымов туралы баяндалады. 1990-жылдары жас милиционер Шалқар серігі Думан Алтаевпен бірге қолға түспей жүрген маньяктың ізіне түседі. Арада жиырма бес жылдан астам уақыт өткен соң, ол қызметінен әлдеқашан шеттетілген, өмірден түңілген, маскүнем қария ретінде суреттеледі. Шалқарды маскүнемдіктен бұрынғы бастығы Марат Успанов құтқарады. Ол 90-жылдардағы сол маньяк қайтадан адам өлтіре бастаған соң, Шалқардан оны ұстауға көмектесуін сұрайды.
Актерлік құрам
- Әбілмансұр Серіков – Шалқар, тергеуші<ref>Актеры сериала 5:32</ref>
- Қобыланды Болат – Думан, тергеуші
- Сағызбай Қарабалин - Арыстан, Еліктеуші маньяк
- Марат Амираев - кәрі Шалқар
- Жалғас Жанғазин - Әмір, жас тергеуші
- Бақтияр Байсерік - Марат, бөлімше полицейі
- Ержан Жаманқұлов - Олжас Қайратұлы, бөлімше бастығы
- Игорь Вербицкий - Әлихан, потологоанатом
- Таңшолпан Кінжембетова - Меруерт
- Тамирис Жанғазина - Балжан
- Саят Мақұлбаев - маньяк, таксист
- Жәудір Сарыпбекова - маньяк, бәліш сатушы
- Қуаныш Құдайберген - маньяк, боксшы
- Аслан Жанұзақов - маньяк (8 бөлім)
- Аян Батырбек - маньяк, аңшы
- Мақсат Рахмет - ауған соғысының ардагері
- Шыңғыс Бейбітұлы - жас Арыстан<ref>Факты о Беке из клипа Ирины Кайратовны</ref>
Өндіріс
Сериалдың түсірілім жұмыстары Алматы қаласында және Жамбыл облысында жүргізілген. Туындының құрылымы халықаралық стандарттарға сай келетін драматургиямен ерекшеленеді. Музыкасы, режиссурасы мен монтажы қазақстандық сапалы контентке деген сұранысты ескеріп жасалған.
Қабылдау
Сериал көрермендер мен сыншылар тарапынан жоғары баға алды. Әсіресе, шынайылық пен актерлер ойыны, әлеуметтік мәселелерді көтеруі жағынан мақтауға ие болды. YouTube платформасында миллиондаған қаралым жинады.<ref>Казахстанский веб-сериал покоряет США</ref>