1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл медалі (Қазақстан)
Үлгі:Жүлде 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл медалі — Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 1439 Жарлығы негізінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын атап өту үшін құрылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапат.
Медал жайлы ереже
Медалмен марапатталады:
- Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыс қимылдарына КСРО Қарулы Күштері қатарында қатысқан әскери қызметшілер мен өз еркімен жалданғандар құрамы тұлғалары, Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО-ның уақытша басып алынған аумақтарында әрекет еткен партизандар мен астыртын ұйымдардың мүшелері, әскери Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО Қарулы Күштерінде қызмет еткен әскери қызметшілер мен өз еркімен жалданғандар құрамы тұлғалары, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медалдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалінің куәлігі немесе соғысқа қатысушы куәлігі бар адамдар;
- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі үшін КСРО ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбектегі ерекшелігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Одессаны қорғағаны үшін», «Севастопольді қорғағаны үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Киевті қорғағаны үшін», «Кавказды қорғағаны үшін», «Кеңес Арктикасын қорғағаны үшін» медалдарымен марапатталған тыл еңбеккерлері, сондай-ақ «Блокадалық Ленинград тұрғыны» белгісі бар немесе «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалінің куәлігі бар тұлғалар;
- жау уақытша басып алған аумақтардағы жұмыс кезеңін қоспағанда, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген адамдар;
- Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындар.
Медалдің сипаттамасы
«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерейтойлық медалі жезден жасалып, диаметрі 32 мм шеңбер пішініне ие. Медалдың алдыңғы жағында, жоғарыда «Жеңіс» орденінің бейнесі, ал төменгі жағында — «1945-2005» сандары жазылған.
Медалдың артқы жағында, ортасында «1941-1945. Жылдың 60 жылдығы» деген жазу, айналасында лавр бұтақтары орналасқан. Медаль шеттерi ернеумен жиектелген. Медалдағы барлық суреттер, жазулар және сандар бедерлі болып келеді.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы қызыл түсті жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға біріктіріледі. Таспаның ені 24 мм. Таспаның шеттерінде бес жолақ бар: үшеуі қара және екеуі тоқсары, әрқайсысының ені 1 мм. Шеткі қара жолақтар ені 0,5 мм тоқсары жолақтармен көмкерілген.
Медаль киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.
Медаль Өскемен қаласында орналасқан Қазақстан теңге сарайында жасалған.