Өңіржиек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өңіржиеккеудеге тағылатын әшекей зат. Дәстүрлі қазақ қоғамында Өңіржиекті мереке күндері қыздар мойын-омырауына сәндікке таққан. Өңіржиек төрт бұрышты (немесе дөңес) келген бірнеше күміс тілікшеден (көбіне үшеу) тұрады, олардың аралары қатар түскен бірнеше жіңішке шынжырмен шығыршық арқылы жалғасады. Қазақ шеберлері тілікшелерді жұқа немесе арасын қуыс етіп, ортасына ақ балшық толтырып (майыспас үшін) жасайды. Әр бөлігі қалыптау, сіркелеу, сымкәптеу, алтындау, тастар орнату әдістері арқылы әшекейленеді де, түрлі ою-өрнектер түсіріледі. Төменгі бөлігіне сыңғырлауық қоңыраулар, құйма тістер орнатылады. Халық арасында кейде қыз-келіншектер киетін қырмызы шапанның алдыңғы екі өңіріне жиектей салынатын өрнекті де кейде Өңіржиек деп атайды. Өңіржиек секілді бұйымдар (алқа, шолпы, т.б.) халықтың эстет. талғамын, әсемдікке құштарлығын көрсетеді.

<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}