Өткізгіштер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өткізгіштер

Сурет:Stranded lamp wire.jpg
Электр өткiзгiшi.

Өткізгіштерэлектр тогын жақсы өткізетін, электр өткізгіштігі жоғары (меншікті кедергісі r=1/ төмен) заттар. Жақсы өткізгіштерге меншікті кедергісі (>104 – 106 ОмLсм-1) заттар жатады. Меншікті кедергісі r>108 Ом•см заттар диэлектриктер деп аталады, меншікті кедергісі аралық мәнге тең заттарды шалаөткізгіштер дейді. Өткізгіштерге металдар, электролиттер және плазма жатады. Металдарда электр зарядын тасымалдаушылар – квазиеркін электрондар, электролиттерде – оң және теріс иондар, плазмада – еркін электрондар мен иондар. Металдар мен ток өткізетін көміртекті кейде 1-текті өткізгіштер, электролиттерді – 2-текті өткізгіштер деп атайды. Заттың өткізгіштігі температура/температураға және басқа бірқатар факторларға байланысты болғандықтан оның өткізгіш болуы немесе болмауы шартты нәрсе. Өте төмен температураларда металдардың көбі және кейбір шалаөткізгіштер асқын өткізгіштерге айналады; қ. Асқын өткізгіштер.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 7 том </ref>

Түрлері

  • Бірінші текті өткізгіш -электр тоғының өтуі химиялық процестермен қоса қабат жүрмейтін, ал тоғы электрондардың козғалысымен шартталған өткізгіш.
  • Екінші текті өткізгіш -электр тоғының өтуі химиялық процестермен қоса қабат жүретін, ал тоғы оң және теріс иондардың қозғалысымен шартталған өткізгіш.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өткізгіштер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Пайдаланған әдебиет

<references/>