Өтемісов Бақтыбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала

Түсініктемелер

ӨТЕМІСОВ БАҚТЫБАЙ, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор. 1960 жылы Орал мемлекеттік институтының тарихи-филологиялық факультетін бітірген. Б.Өтемісовтың еңбек жолы идеологиялық қызмет атқарудан басталды. 1960-1970 жылдары Ақтөбе, Алматы облыстық, республикалық комсомол, партия комитеттері арқылы идеологиялық, үгіт-насихат жұмысына белсенді қатысқан. 1974-1985 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты қызметкер лауазымын атқарды. Кейінгі жылдары оның еңбек жолы жоғарғы оқу орындарында оқытушы, ғылыми жұмыстармен ұштасып Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесінде кафедра меңгерушісі, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде доцент, Ақтөбе орыс-қазақ Халықаралық университетінде ректор болып қызмет етті. 2003 жылдан осы уақытқа дейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің доценті. Б.Өтемісовтың 100 баспа беттен астам еңбектері жарық көрген. Оның ішінде 1 оқулық, 3 оқу құралы. Саяси ғылымдар бойынша 20-дан астам оқу-әдістемелік құралдары мен кітапшалары бар. Автордың «Введение в политологию», «Основы политологии», «Саясаттану негіздері» еңбектері оқырмандар көңілінен шығып, үлкен сұранысқа ие.

Дереккөздер

1.↑Саясаттану // Ақтөбе - 2011